Accessibility links

Үндістанда жолаушы ұшағы қонарында апатқа ұшырап, кемі 17 адам қайтыс болды, 100 адам жарақаттанды


Дубайдан келе жатқан ұшақ апатқа ұшыраған Каликут халықаралық әуежайындағы жедел жәрдем көліктері. 7 тамыз, 2020 жыл.
Дубайдан келе жатқан ұшақ апатқа ұшыраған Каликут халықаралық әуежайындағы жедел жәрдем көліктері. 7 тамыз, 2020 жыл.

"Эйр Индиа Экспресс" компаниясының ұшағы Үндістанның оңтүстік-батысындағы Керала штатының әуежайына қонарында апатқа ұшырады. Кемі 17 адам қайтыс болды, жүздеген адам жарақаттанды. Ұшақ бортында экипажбен бірге 190 адам болған. Бұл туралы Үндістанның авиация министрлігіне сілтей отырып Reuters агенттігі хабарлады.

Boeing-737 ұшағы Дубайда жұмыс істеп жүрген үндістандықтарды еліне алып келе жатқан.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар мен халықаралық басылымдардың жазуына қарағанда, нөсер жауын кезінде ұшақ қону алаңының сыртына шығып кетіп, фюзеляжы екіге бөлінген.

"Ауа райынан қолайсыздығынан ұшақ алғашқы талпынысында қона алмаған. Одан кейін бір айналып келіп, өзге бағыттан қонуға тырысқан" деген азаматтық авиация министрі Хардип Синх Пури жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына.

Пуридің сөзінше, апат кезінде өрттің болмағаны жолаушының көбін құтқарып алуға мүмкіндік берген.

Reuters агенттігінің жазуынша, бұл – Үндістандағы 2010 жылдан бергі ең ірі ұшақ апаты. 2010 жылы "Эйр Индиа Экспресс" компаниясының өзге бір ұшағы Мангалор қаласында апатқа ұшырап, 158 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG