Accessibility links

АҚШ барлау қызметі: Ресей, Қытай және Иран елдегі сайлау ісіне қол сұғып отыр


Джо Байден және Дональд Трамп.
Джо Байден және Дональд Трамп.

Қытай, Ресей және Иран АҚШ-тағы президент сайлауына жақын қалғанда америкалық дауыс берушілердің таңдауына әсер етуге тырысып отыр. Ресей сайлауға Демократиялық партияның атынан түсіп отырған Джо Байденнің беделін бұзуға әрекеттенсе, Қытай мен Иран Дональд Трамптың қайта сайлануына кедергі жасап жатыр. Мұндай мәлімдемені 7 тамыз күні АҚШ Ұлттық қарымта барлау және қауіпсіздік орталығының директоры Уильям Ивэйнина (мырза) жасады.

"Біз Қытай президент Трамптың қайта сайланғанын қаламайды деген қорытындыға келдік. Ресми Пекин Трампты әрекетін болжап білуге болмайтын адам деп санайды... Біз Ресей бұрынғы вице­-президент Байденнің беделіне нұқсан келтіру үшін түрлі амалға барып отыр деген қорытындыға келдік. Ресей оны антиресейшіл истэблишмент санайды" делінген Ивэйнина мәлімдемесінде.

Ивейнинаның сөзінше, шетел үкіметтері америкалық сайлаушылардың таңдауына ашық және жасыр күйде ықпал етуін, келіспеушілікті қоздыруын және америкалықтардың демократиялық процеске сенімін бүлдіруін жалғастыра бермек.

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистердің барлау қызметінің қорытындысына сенетінін-сенбейтінін сұрағанда: "Рас болуы мүмкін... Бірақ Ресейдің Ақ үйден Дональд Трампты көргісі келетіні екіталай" деп жауап берді.

АҚШ президентінің сайлауы биыл қарашада өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG