Accessibility links

Қазақстанда Covid пен пневмониядан 8 күн қатарынан 40-тан аса адам көз жұмды


Арнайы қорғаныс киімін киген қызметкерлер коронавирустан қайтыс болған адамды жерлеу үстінде. Қараой ауылының маңы, Алматы облысы, 25 мамыр 2020 жыл.
Арнайы қорғаныс киімін киген қызметкерлер коронавирустан қайтыс болған адамды жерлеу үстінде. Қараой ауылының маңы, Алматы облысы, 25 мамыр 2020 жыл.

Қазақстанда 1 тамыздан бері ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын бірақ ПТР тестімен расталмаған пневмонияның жүргізіліп келеді. Коронавирустық пневмонияның тәулік саны алғаш рет 2 тамыз күні жарияланса, сол күннен бастап қатарынан сегіз күн Covid пен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар 40-тан төмен түспеген.

Ресми дерекке сәйкес, Covid пен коронавирустық пневмония бойынша 1 тамыз күні - 66; 2 тамыз күні - 55; 3 тамыз күні - 51 адам көз жұмған. 8 тамыз күні Covid пен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар 43-ке төмендеген.

Азаю көбіне пневмония көрсеткіші есебінен байқалып отыр. 1 тамыз күні коронавирустық пневмониядан 30 адамның қайтыс болғаны анықталса, 8 тамыз күні 15 өлім тіркелген. Көрсеткіш екі есе азайған.

Ал ПТР тестімен расталған коронавирус бойынша 1 тамызда 36 өлім тіркелсе, 8 тамыз күні 28 өлім тіркелген. Көрсеткіш бар болғаны 22 пайызға азайған.

Бұл тек ресми статистика. Ел арасына үкімет дерегіне күдік келтіретіндер көп. Денсаулық сақтау министрлігі осыған дейін коронавирус жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамның барын, олардың ұлттық статистикаға қосылмағанын мойындаған болатын. Сонымен қатар қызметі барысында инфекция жұқтырып, салдарынан қайтыс болды деген медқызметкерлердің туыстары өтемақы төлемеу үшін коронавирустан қайтыс болды деген анықтама берілмей жатқанын айтқан.

Үкімет дерегінше, Қазақстанда эпидемия басталғалы 98 701 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған. Аурудан 1246 адам қайтыс болған. Ал коронавирустық пневмонияға келсек, аурудың бұл түріне 1-8 аралығында 13121 адам шалдығып, одан 152 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG