Accessibility links

Қырғызстанның арнайы қызметі журналист Абдуллаевты Өзбекстан өтініші бойынша ұстағанын растады


Бабамұрат Абдуллаев.
Бабамұрат Абдуллаев.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өзбек журналисті Бабамұрат Абдуллаевты Өзбекстан билігінің өтінішімен ұстағанын растады. Бұған дейін журналистің ұсталғанын Азаттыққа адвокаты Тимур Карабаев хабарлаған еді.

ҰҚМК-нің мәліметінше, Абдуллаев 8 тамызда ұсталған. Комитет дүйсенбі күнгі хабарламасында азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынас туралы Минск конвенциясы шарттарына сүйенген. Қырғызстанның арнайы қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанның құқық қорғау органдары "бірқатар қылмыс жасағаны үшін" Бабамұрат Абдуллаевқа іздеу салған.

Абдуллаев ҰҚМК тергеу изоляторына қамалған. Қазір Қырғызстан бас прокуратурасы оған бұлтартпас шарасын қолдану және Өзбекстанның құзырлы органдарына тапсыру мәселесін қарастырып жатыр.

Бабамұрат Абдуллаев алғаш рет ұсталып отырған жоқ. 2017 жылы қыркүйек айында Ташкентте Абдуллаевты ұстаған арнайы қызмет өкілдері оны "интернетте лақап атпен Өзбекстанның конституциялық құрылымын құлатуға бағытталған жазба жариялады" деп айыптаған еді. Абдуллаев интернетте лақап атпен жазба жазатынын растағанмен күш қолдануға шақыратын пост жазбағанын айтқан. Сот оны 1,5 жыл қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеп, сот залынан босатқан.

Халықаралық ұйымдар блогердің бостандыққа шығуын жылы қарсы алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG