Accessibility links

Министр Линкявичюс: Светлана Тихановская Литваға келді


Светлана Тихановская.
Светлана Тихановская.

Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан оппозиция кандидаты Светлана Тихановская Литваға келді. Бұл туралы Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс Twitter-де хабарлады.

10 тамызда Минск мен Беларусьтің өзге қалаларында президент сайлауының қорытындысына наразылық білдірген акциялар жалғасқан. 9 тамызда өткен президент сайлауында қазіргі басшы Александр Лукашенко жеңімпаз деп жарияланған еді. Светлана Тихановская елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан авторитар басшы Лукашенконың сайлау кезіндегі басты қарсыласы болды.

10 тамыз күнгі наразылық акциялары кезінде кемінде бір адам қаза болды. Дүйсенбі күні Тихановская штабы орталық сайлау комиссиясынан шыққаннан кейін Тихановскаямен телефон арқылы байланыса алмай отырғанын хабарлаған. Оның алдында оппозиция кандидаты журналистерге "сайлауда Лукашенко емес, мен жеңдім деп есептеймін" деп айтқан болатын.

"Ол Литваға келді және қауіпсіз жерде" деді сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс француздың AFP агенттігіне.

Алдын ала мәлімет бойынша, Лукашенко – шамамен 80 пайыз, Тихановская шамамен он пайыз дауыс алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG