Accessibility links

Беларусьте наразылықтың жалғасып жатқанына 5 күн болды, билік ұсталғандардың бір бөлігін босатты


Минскідегі түрмеде отырған наразылар. 14 тамыз 2020 жыл.
Минскідегі түрмеде отырған наразылар. 14 тамыз 2020 жыл.

13 тамызда Беларусьте өткен бейбіт шеруге ондаған мың адам қатысты. Президент сайлауының қорытындысына наразылық 9 тамыздан бері жалғасып жатыр. Бейбіт шеруге шыққан азаматтарды арнайы жасақтың дөрекі ұстауын көптеген елдер айыптады.

Жұрттың ашуын басуға тырысқан билік 14 тамызда мыңнан астам адамды қамаудан босатты. Беларусь ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасап, "кездейсоқ ұсталғандарға артық күш қолданғаны үшін" кешірім сұрады.

"Жауапкершілікті мойныма аламын және кездейсоқ адаимдардың наразылық кезінде ұсталып, жараланғаны үшін кешірім сұраймын" деді Беларусь ішкі істер министрі Юрий Караев. Ол кейбір наразылардың күш қолданғанын да айтты.

Беларусь ұлттық жиын кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова президенттің наразыларды ұстау мәселесін зерттеуді тапсырғанын айтты.

"Бізге төбелес қажет емес. Соғыс керек емес. Бүгін (13 тамыз) кешке мыңнан астам адам босатылды, олар рұқсат етілмейтін шараға қатыспау міндетін мойнына алды" деді Кочанова.

Беларусьте бірнеше күнге созылған наразылық кезінде жүздеген адам жарақаттанған, кемінде екі адам қайтыс болған. Арнайы жасақ көшеде жүрген азаматтарды ұрып-соғып, кейбір кезде қару қолданған. Шамамен алты мың адам әлі қамауда отыр. Бұған дейін ұсталғандардың изоляторда соққыға жығылғаны туралы көп ақпарат тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG