АҚШ президенті Дональд Трамптың 71 жастағы інісі Роберт Трамп Нью-Йорк ауруханасында жатып қайтыс болды.
"Біртуар бауырым Роберттің бүгін түнде дүниеден озды. Ол маған іні ғана болмай, дос та болды. Біз оны қатты сағынамыз, бірақ біз тағы да кездесеміз. Оның естелігі менің жүрегімде мәңгі болады. Роберт, мен сені жақсы көремін. Жатқан жерің жайлы болсын" деді Трамп 15 тамыз күнгі мәлімдемесінде.
Ақ президенттің бауыры ауыл хәлде жатқанын мәлімдеген соң, 14 тамыз күні Дональд Трамп Нью-Йорк ауруханасына соғып, інісінің көңілін сұрады. Өлімнің себебі айтылмады, бірақ марқұмның маусым айында бір аптадан астам ауруханада жатып шыққан.
АҚШ-тың 74 жастағы президенті бауырларының ішінде інісі Роберт Трамппен жақындау болған. Бірақ екеуінің мінезі екі түрлі. Дональд Трамп бір жолы інісін "маған қарағанда тыныштау әрі мінезі жеңіл" деп сипаттаған.
"Роберт кез келген адаммен тіл табыса алады. Бұл мен үшін керемет болатын, өйткені кей кездері мен жаман адамның рөліне түсіп қалатынмын" деп жазған Дональд Трамп "Келісу өнері" деп аталатын 1987 жылғы бестселлер кітабында.
Роберт Трамп 1948 жылы туған. Ол – отбасындағы бес баланың ең кішісі. Трамп отбасының кенжесі карьерасын Уолл Стриттен (Нью-Йорктегі қаржы орталығы орналасқан аудан – ред.) бастаған, бірақ кейіннен Trump Organization компаниясының жоғары лауазымына ие болған.
Кейінгі жылдары Роберт Трамп көзге көп түспей, бірақ ағасының қолдаушысы болып жүрді.
ПІКІРЛЕР