Accessibility links

БАҚ: Алматы облысы Бәйдібек би ауылына кірер жолды "тұрғындар қақтығысынан" кейін жауып тастады


Қазақстан картасындағы Алматы облысы.
Қазақстан картасындағы Алматы облысы.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек би ауылына (бұрынғы Маловодное ауылы) кірер жол жабылған, тұрғындардан үйден шықпауын сұраған. Бұл туралы бүгін, 16 тамыз күні жергілікті тұрғындарға сілтей отырып Vlast.kz сайты хабарлады. Олардың сөзінше, кеше кешкісін ауыл тұрғындары арасында жанжал болған.

Полиция департаментінен осы жөнінде ақпарат алу мүмкін болмады. Ал Vlast.kz сайтының жазуынша, полиция жанжалдың болғанын жоққа шығарған. Еңбекшіқазақ ауданының полициясы басылымға: «Жоқ, Маловодное ауылында ешқандай ұлтаралық қақтығыс болып жатқан жоқ» деп ауылға кіреберіс ашық екенін айтқан.

Бәйдібек би ауылы Алматы қаласынан 70 километр қашықтықта орналасқан.

2007 жылдың наурыз және сәуір айларында Алматы облысындағы Маловодное ауылында жергілікті қазақтар мен шешендер арасында қақтығыс болған. Оқиға бильярд залындағы ерегістен басталып, аз уақыт ішінде үлкен жанжалға айналған. Оған екі тараптан жүздеген адам қатысқан. Іс насырға шауып, жанжал соңы оқ атумен аяқталған, салдарынан бес адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG