Accessibility links

Азаттық көрсеткен ата-анасы жоқ балаларға жұрт 13 млн теңге ақша жинап берді


Евгения Базаркина.
Евгения Базаркина.

20 тамызда Азаттықта апатты жағдайдағы үйде тұрып жатқан, қарызға байланысты үйлерін банк бұғаттаған ата-анасы жоқ қызылордалық үш бала (біреуі ғана кәмелет жасына толған) туралы видео жарияланған еді. Видеоны көрген жұрт жарты тәулік ішінде 13 млн теңгеден астам ақша жинап берген. Бұл туралы үш баланың үлкені, 18 жастағы Евгения Базаркина хабарлады.

– Қазақстанның жан-жағынан, Кореядан да адамдар ақша салып, көмектесіп жатыр. Жан-жақтан ақша жіберіп жатыр, – деді Евгений Базаркина 21 тамызда күндіз Азаттық тілшісіне.

Видео: Жетім қалған үшеу апатты үйлерінің құжатын қайтара алмай жүр (20 тамыз 2020 жыл).

Жетім қалған үшеу апатты үйлерінің құжатын қайтара алмай жүр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

Бұған дейін 18 жастағы Евгения Базаркина шешесі қайтыс болғаннан кейін тұрмыс ауыртпашылықтары өз мойнына түскенін, сіңлісі мен бауырын жалғыз асырап отырғанын айтқан еді. Әкесі жоқ үш баланың шешелері екі ай бұрын жүрек талмасынан көз жұмған. Евгения Базаркинаның сөзіне қарағанда шешесі банкке қарыз болғандықтан банк үйлерін бұғаттаған. Апатты үйден жаңа пәтерге көшу үшін Евгения әуелі жарты миллион теңгеге жуық қарызды жабуы керек болған.

Енді Евгений Базаркинаның банк қарызын өтеуіне мүмкіндігі пайда болды. Оның сөзіне қарағанда келесі аптаның басында жылжымайтын мүлікті арестен алу туралы сот болады.

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Индира Ақжігітованың айтуынша, бұғат мәселесі шешілсе, Базаркинаның үйге кезекке тұруға мүмкіндігі пайда болады.

– Заң бойынша, ата-анасы жоқ балаларға бірінші кезекте үй беріледі. Бірақ бұл келесі аптада оларға үй беріледі деген сөз емес. Тек үйге кезекке тұруға ғана мүмкіндік алады...Үйдің беруілуі құрылыс нысандарының дайын болуына байланысты. Бірақ Евгений бірінші кезекте үй алатынардың тізімінде болуы тиіс, – деді Индира Ақжігітова.

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап сіңлісінің стипендиясы қалпына келтіріледі. Сосын кіші інісі балабақшаға орналастырылады.

Дегенмен апатты үйде тұрып жатқан ата-анасы жоқ балалардың жаңа үйге қашан қол жеткізетіні белгісіз.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG