Accessibility links

Минскіде «Жаңа Беларусь маршы» өтіп жатыр


Минск орталығына жиналған шерушілер. 23 тамыз 2020 жыл.
Минск орталығына жиналған шерушілер. 23 тамыз 2020 жыл.

Жексенбі, 23 тамыздың кешінде Минскіде «Жаңа Беларусь маршы» өтіп жатыр. Президент сайлауының нәтижесіне және полицияның озбырлығына қарсы бағытталған мұндай акциялар елдің өзге қалаларында да өтеді деп жоспарланып отыр.

Минскіде митингіде оппозициялық Үйлестіру кеңесінің жетекшілері сөз сөйлеуі тиіс. Кеңес президентке үміткер Светлана Тихановскаяның бастамасымен құрылған.

Азаттық радиосы Беларусь қызметінің хабарлауынша, акция өтетін жерге Минск кәсіпорындарының жұмысшылары лек-легімен бара жатыр.

Бүгін сондай-ақ Литвада Беларусьтегі наразыларды қолдайтын «Еркіндік жолы» акциясы өтіп жатыр. Елу мыңға жуық адам Вильньюстың орталығынан Беларусь шекарасына дейін тірі шеп құрмақ. Литва астанасының орталығынан Беларуське дейінгі қашықтық – 32 километр.

Литвалықтар осы арқылы 1989 жылы 23 тамыздағы «Балтық жолы» деп аталған бейбіт акцияны атап өтпек. Ол кезде миллионнан аса адам Вильньюстан Таллинге дейін тірі шеп құрған. Олар Балтық елдерінің Совет одағынан тәуелсіздігін талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG