Accessibility links

Тихановская АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарымен кездеспек


Светлана Тихановская.
Светлана Тихановская.

24 тамызда Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Стивен Бигенмен Литвада кездесіп, Беларусьтегі жағдайды талқылайды. Беларусьте президент сайлауынан кейін тұтанған наразылық шаралары жалғасып жатыр.

23 тамызда ел астанасы Минскіде 100 мыңнан астам адам қатысқан ірі митинг өтіп, наразылар Александр Лукашенконың қайта сайлануына және бейбіт шеруге шыққан адамдарды биліктің қуғындауына қарсы шықты. Олар елде қайтадан сайлау өткізуді талап етті. Ішкі істер министрінің айтуынша, жексенбі күні ешкім ұсталмаған. 9 тамыздан бері жалғасып жатқан наразылық кезінде мыңдаған адам ұсталған, кемінде үш адам қаза болған.

Жексенбі күнгі Telegram-да жарияланған видеода бронжелет киіп, қолына автомат ұстаған Лукашенконың тікұшаққа мініп, қала төбесінен ұшқаны көрінеді.

Оқи отырыңыз: Ту ұстаған наразы халық, автомат асынған Лукашенко

Бұған дейін Лукашенко қарулы күштерге әскери дайындық режиміне көшуге бұйрық берген. Бұл биліктің елдегі наразылықты күшпен басу ықтималдығын арттыра түседі.

Жексенбі күні Минскіден бөлек Брест және Гродно қалаларында және елден тыс ауманда наразыларды қолдаған акциялар өтті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG