Accessibility links

Журналист Лұқпан Ахмедияровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды


Журналист Лұқпан Ахмедияров.
Журналист Лұқпан Ахмедияров.

Батыс Қазақстан облысында таралатын "Уральская неделя" басылымының бас редакторы, белгілі журналист Лұқпан Ахмедияровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Оған журналистің жемқорлық туралы мақаласы негіз болған. Бұл туралы Ахмедьяров Facebook желісінде хабарлады.

"Шақырту бойынша тергеушіге бардық. Менің үстімнен 147-бап 5-бөлігі ("Жеке өмірге қол сұғу және жеке деректі қорғау заңнамасын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Оған атыраулық бизнесменнің шағымы негіз болған, ол бір ай бұрын қылмыстық іске тартылған болатын" деп жазды журналист 27 тамызда.

Журналистің айтуынша, бизнесмен жемқорлық туралы мақалада "компаниясы мен аты-жөнін айтқаны үшін наразы".

Азаттық әзірге Батыс Қазақстан облыстық полициясынан жауап ала алмады.

ҚазТАГ-тың жазуынша, шілде айында Батыс Қазақстан облыстық көші-қон басқармасының қызметкері "пара алды" деген күдікпен ұсталып, сол кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ахмедияров жазған мақала осы іспен байланысты.

Аймақтағы санаулы тәуелсіз басылымдардың бірі "Уральская неделя" басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедияровқа бірнеше жыл бұрын қастандық жасалған. Оны жергілікті шенеуніктер мен мемлекеттік орган өкілдері бірнеше рет сотқа берген.

Оқи отырыңыз: Лұқпан Ахмедияров: Кез-келген билікке сын көзімен қарау керек


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG