Accessibility links

Тоқаев сенат вице-спикері Бекназаровтың өкілетін тоқтатты


Бектас Бекназаровтың (ортада) сенат депутаты болып тұрған кезі.
Бектас Бекназаровтың (ортада) сенат депутаты болып тұрған кезі.

28 тамызда парламенттің жоғары палатасының вице-спикері Бектас Бекназаровтың өкілеті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен тоқтатылды. Себептері айтылмайды.

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы 63 жастағы Бекназаров 2014 жылдан бері сенат құрамында болған. Оны елді 30 жылға жуық басқарып, былтыр отставкаға кетсе де саяси ықпалын сақтап қалған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев депутат қылып тағайындаған.

Бекназаров 2016 жылы сенат вице-спикері болған және бұрынғы президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева спикер болып тұрған кезде сенат жетекшілігінде болған. Назарбаеваның депутаттық өкілеті мамыр айында тоқтатылған. Бірнеше күннен соң Тоқаевтың сайлауалды штабын басқарған Мәулен Әшімбаев оның орнына келді.

28 тамызда Тоқаев сонымен бірге мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровты сенат депутаты қылып тағайындады. Ол бұрын ішкі істер министрлігінде, әділет министрлігінде қызмет істеген. "Нұр Отан" партиясының мүшесі Әбдіров 2009 жылдан бері мәжілістің төртінші және бесінші шақырылым депутаты болған. 2016 жылдан бері заң шығару және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетті басқарды.

Нұрлан Әбдіров.
Нұрлан Әбдіров.

Қазақстанда осы айда Назарбаев отставкасынан бері алғаш рет сенат сайлауы өтіп, 17 депутат сайланды. Сенатқа өткендер арасында екі облыс әкімінің орынбасары, үш аудан әкімі, аймақтық мәслихат хатшысы, екі жоғары оқу орны жетекшісі бар. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан шыққан депутаттар қайта сайланған.

Конституция бойынша сенат депутаттарын жергілікті мәслихаттар сайлайды. Депутаттық өкілет мерзімі – алты жыл. Әрбір үш жыл сайын жартысы сайланып отырады. 47 депутаттың 32-ін – сайлаушылар, 15 депутатты президент өзі тағайындайды.

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңес бюросының отырысы 28 тамызға жоспарланған. Әбдіровтің тағайындалуы және Бекназаровтың депутаттық өкілетінің тоқтауы осы отырыс қарсаңында белгілі болып отыр. Бұған дейін "Нұр Отан" отырысының мерзімі екі рет ауыстырылған.

Қарай отырыңыз: Неге депутатты депутат сайлайды? (12 тамыз 2020 жыл).

Неге депутатты депутат сайлайды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:02 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG