Accessibility links

Жапония премьері денсаулығына байланысты отставкаға кететінін хабарлады


Синдзо Абэ.
Синдзо Абэ.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол өзінің орнын баса алатын адам табылған кезде қызметінен кетеді. Бұл туралы шенеунік жұма күні өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

"Премьер-министр қызметінен кетуді жөн көрдім. Жапония халқынан кешірім сұрағым келеді" деді ол жиын кезінде.

65 жастағы саясаткер шілде айының ортасынан бері денсаулығының нашарлай бастағанын, қазір емделу қажеттігін алға тартты. Дегенмен қандай аурумен ауыратынын Абэ ашып айтқан жоқ. Кейбір ақпарат бойынша, саясаткердің асқазанында жара бар.

Синдзо Абэ 2012 жылдың желтоқсан айынан бері Жапонияның премьер-министрі қызметін атқарып келеді. 2006-2007 жылдары үкіметті басқарып, сол кезде ең жас премьер атанған.

Абэ Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста болған. Кейбір адамдар Абэ кезінде Ресей мен Жапония арасындағы Курил аралдарының мәселесі шешілер деп үміттенген. Бірақ жылдар бойғы келіссөздерге қарамастан бұл үміт ақталмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG