Accessibility links

Қазақстан Пекиннен Қытайда өмірлік түрме жазасына кесілген Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруды сұрамақ


Сот залында отырған Ақжарқын Тұрлыбай. Сурет Қазақстан СІМ Телеграм арнасынан алынған.
Сот залында отырған Ақжарқын Тұрлыбай. Сурет Қазақстан СІМ Телеграм арнасынан алынған.

Қазақстан бас прокуратурасы Қытайда "есірткі контрабандасымен айналысты" деп айыпталып, өмірлік түрме жазасына кесілген Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару бойынша Пекинмен келіссөз жүргізбек.

"Қазіргі кезде қорғау тарабы және сотталған отандасымыздың отбасы Қазақстан азаматын елге беру рәсімін қолдану жағын қарастырып жатыр. Сотталушыны қайтару бойынша келіссөз Қазақстан бас прокуратурасы мен Қытай халық республикасының құзыретті органы арасында жүргізіледі" делінген Қазақстан СІМ Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, Тұрлыбай келесі айда Гуандун провинциясы түрмелерінің біріне ауыстырылады.

Қазақстан СІМ оны елге мүмкіндігінше жылдам қайтаруға мүдделі екенін жеткізді.

Ақжарқын Тұрлыбайды Қытай полициясы 2014 жылы наурызда тұтқындаған. 2015 жылы маусым айында Қытай соты Тұрлыбайды өмірлік түрме жазасына кескен. 2016 жылы сәуір айында апелляциялық сот үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберген. 2019 жылы желтоқсан айында сот Тұрлыбайды қайта өмір бойы бас бостандығынан айырды. Тұрлыбай өзіне тағылған айыпты мойындамаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG