Accessibility links

Covid пен пневмония. Науқастар қатарына бір күнде 683 адам қосылды, 13 адам қайтыс болды


Коронавирус пандемия кезінде жұмыс жатқан дәрігер.
Коронавирус пандемия кезінде жұмыс жатқан дәрігер.

28 тамыз күні Қазақстанда 683 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 150 адамның инфекция жұқтырғаны зертханалық талдау негізінде анықталған, 483 адамға ауру белгілері бойынша диагноз қойылған. Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 9 адам, ауру белгілері бойынша анықталған 4 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда карантин шектеулерін қайта енгізгелі коронавирустың тарауы баяулап, инфекция жұқтырғандар қатар азая бастаған. Карантин шектеулері екінші рет 5 шілде күні енгізілген болатын. Ол күндері күніне шамамен 1,5 мың адамнан коронавирус анықталып жүрді. Бұлардың бәрі зертханалық талдаумен расталған науқастар. Вирус жұқтырғандарды ауру белгілері бойынша анықтау тек 1 тамыздан басталды.

Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 105 558 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған. Диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған науқастары саны – 25 115. Қайтыс болғандар саны – 1854.

Қазақстанның ресми дерегіне күдік келтіретіндер көп. Ел үкіметі тамызға дейін тек ПТР тестінің нәтижесіне сүйеніп келді. Ал бұл тестің сапасы мен санына сұрақ көп болатын. Жергілікті дәрігерлер барлық белгілері бойынша коронавирустың бары анық бола тұра, ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен жағдайлар көп болды дейді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі де мойындады. Мекеме дерегінше, 1-8 шілде аралығында 60 мыңға жуық адамнан пневмония анықталса, оның 40 мыңға жуығында коронавирустың ауру белгілері болған. Бұл адамдар коронавирус жұқтырғандар дерегіне қосылмаған. Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаев ПТР тестілерінің өңірлер бойынша дұрыс таратылмай отырғанын, соның салдарынан індеттің шынайы ахуалын білу қиын екенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG