Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Қос тағдыр – қайғылы екі хикая. Айсұлтан Назарбаев пен Рахат Әлиевтің өмірі мен өлімі
Қазақстандағы ең ықпалды отбасының мүшесі болған екі адамның жұмбақ өлімінің арасын бес жарым жыл уақыт пен Еуропадағы қос астананың арасындағы мың шақырымнан астам жол бөліп жатыр. Рахат Әлиев пен Айсұлтан Назарбаевтың өмірі мен өлімі туралы оқи отырыңыз.
Депутаттар жазғы каникулын қалай өткізді?
Коронавирус пандемиясы өршіген жаздың ортасында Қазақстан парламентінің депутаттары демалысқа кетті. Азаттық сенат пен мәжіліс депутаттарынан каникулды қалай өткізгенін сұрады. Депутаттар арасында ауылдарына барып, мал бағып, бақша еккендері де бар.
"Нұрботтар" – "сүйікті аудиториям". Карикатуристің өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімесі
“Суретті адамдар мұның екі жағы да өткір қару екенін түсінетіндей етіп салуға тырысамын. Бұл қару мені де, пікір білдірушілерді де жаралауы мүмкін”. Суретші-карикатурист Мұрат Ділманов осы принципті ұстануға тырысады. “Ұятмен” және өзге туындылардың авторы Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда карикатура салып күн көру мүмкіндігі, хейтерлерге көзқарасы, саяси суретке тапсырысты қайдан алатыны, неліктен өзін феминистердің жақтырмайтыны жайлы айтты.
Вячеслав Абрамов: Адал журналист болмасаң, бұл кәсіппен айналысып нең бар?
Журналист, Vlast.kz басылымының бас директоры Вячеслав Абрамов Азаттыққа берген сұхбатында “Қазақстанда жекеменшік ақпарат құралын ашу қиын ба?” деген сұраққа жауап іздеп, өз басылымы қалай бұғатталғаны, отандық журналистиканы неге жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлайтыны жайлы айтып берді.
"Анам ұрған соң бізді құшақтап өзі де жылайтын". Баланы "таяқпен тәрбиелеуге" не себеп? Зардабы қандай?
Бала тәрбиелеу кезінде перзентін таяқтап алатын ата-ана баршылық. ЮНИСЕФ дерегінше, Қазақстанда ересектердің 75 пайызы "балаға қол көтеруге болады" деп санайды. Маман ата-ананың перзентін ұруына "үлкендердің өз ішіндегі мәселе мен баланы жеткілікті білмеуі себеп" дейді. Баланы ұрып тәрбиелеудің себептері мен салдары туралы оқи отырыңыз.
Табиғи парк аумағындағы жер жекеменшікке неге беріледі?
Алматы тұрғыны Іле-Алатау табиғи паркі аумағында «кейбір жердің жеке меншікке өтіп кеткенін» айтады. Заң бойынша, оған рұқсат жоқ. Азаттық тілшісі "ұлттық табиғи парк аумағында жеке меншікке өтіп кеткен жер бар ма және ол кімге тиесілі?" деген сұрақтарға жауап іздеді.
Инфекция кезінде антидененің маңызы қандай? Вирусолог пен иммунолог түсіндіреді
Инфекциялық ауру кезінде антидененің рөлі қандай? Коронавирусқа қарсы иммунитет қалай қалыптасады және қанша уақыт сақталады? Жазылып шыққан адамның плазмасы басқа науқасқа көмек бола ма? Ағзадағы антиденелер саны азайып кетсе иммунитет әлсірей ме? Азаттық осы және өзге сұрақтарды вирусолог және иммунолог мамандарға қойды. Мамандардың жауабын оқи отырыңыздар.
ПІКІРЛЕР