Accessibility links

Қытайда туған күн тойлау кезінде ресторан опырыла қирап, 29 адам қаза тапты


CHINA-ACCIDENT/
CHINA-ACCIDENT/

29 тамыз күні Қытайдың солтүстігіндегі ауылда екі қабатты ресторан опырылып түсіп, 29 адам қайтыс болды. Ғимаратта 80 жылдық мерейтой өтіп жатқан. Бұл туралы жергілікті билікке сілтей отырып Associated Press агенттігі хабарлады.

Қытай төтенше жағдайлар министрлігі 28 адамның жарақаттанғанын, оның төртеуінің ауыр халде екенін айтты. Министрліктің сөзінше, апаттан барлығы 57 адам тірі қалған. Ресторанның не себепті опырылғаны айтылмады.

Ресторан Шаньси провинциясы Сянфэнь уезінде (Пекиннен 630 шақырым қашықтықта) орналасқан. Қытайда кейінгі уақытта индустриялық қауіпсіздік шараларын күшейткенімен, Сянфэнь сияқты орталықтан шалғай орналасқан аймақтарда талаптар ескеріле бермейді.

Аймақ Қытайдың көмір өндіру орталығы саналады. Ол жерде кейінгі жылдары шахтаның жарылуы, судың шаю және опырылу салдарынан мыңдаған адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG