Accessibility links

Нью-Йорк тұрғындары Covid індетінің қайта ушығуынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр


Нью-Йорк тұрғындары коронавирус пандемиясынан кейін енді ашылған Метрополитан өнер музейінің алдында кезекте тұр. 27 тамыз 2020 жыл.
Нью-Йорк тұрғындары коронавирус пандемиясынан кейін енді ашылған Метрополитан өнер музейінің алдында кезекте тұр. 27 тамыз 2020 жыл.

Сегіз миллион адам тұратын Нью-Йорк қаласының тұрғындары қала маңындағы Лонг-Айлендтен, Вестчестерден және Нью-Джерсиден үй сатып алып жатыр. Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады.

Қала маңындағы үйлердегі деген сұраныс кейінгі жиырма жылда алғаш рет осындай жоғары деңгейге жетіп отыр. Газеттің жазуынша, кейінгі жиырма жылда адамдар көбіне қала маңынан қылмыс деңгейі төмендеген Нью-Йоркке көшкен. Ал шілде айында Нью-Йорк сыртындағы үйлердің сатылуы 44 пайызға артқан.

Нью-Йорк – АҚШ-тың коронавирустан ең қатты зардап шеккен қаласы. Қалада жаңа аурудан 32 мыңнан астам адам көз жұмды. Кейінгі апталарда қала тұрғындары қатаң оқшаулану жағдайында өмір сүріп келді. Отбасылы адамдарға пәтерлері тарлық етті.

Жылжымайтын мүлік брокерлері Нью-Йорк тұрғындарының халық көп шоғырланған аудандарда вирус жұқтырамыз деп қашықтан жұмыс істеуге қажет офисі мен балалар алаңы бар үй іздеп жатқанын айтады.

АҚШ вирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр. 31 тамыздағы дерек бойынша, елде 6 миллионнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Вирус одан әрі тарап жатыр, алайда кей штаттар ақырындап қалыпты өмірге оралып жатыр. Кей жерлерде мектептер ашылған.

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңға жуықтады. Тамыз айында тәуліктегі өлім саны шілденің басындағы көрсеткіштен екі есе жоғары болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG