Accessibility links

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды


Жергілікті әкімдік алдында "Жер сатылмасын" деген жазу ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет.
Жергілікті әкімдік алдында "Жер сатылмасын" деген жазу ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтып, жер шетелдіктерге сатылмайды деп мәлімдеді.

"Жер шетелдіктерге сатылмайды, бірақ үкімет қажетті дәрежеде ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға толық енгізуі тиіс, аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет" деді сейсенбі күні өткен парламенттің бірлескен отырысында халыққа жолдау жасаған Тоқаев.

Тоқаев сонымен бірге жергілікті және орталық атқару органдары нақты шара қабылдап, аграрлық салаға ауыл шаруашылығы мамандары мен ғалымдарды тартуы қажет деп атап өтті.

2016 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерін шетелдіктерге сату және ұзақ мерзімге жалға беруді қарастыратын даулы өзгерістерге халық жаппай наразы болған соң билік бес жылға мораторий жариялаған. Оның мерзімі келесі жылы аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG