Accessibility links

Қырғызстанда сайлауалды науқан басталды, ОСК 15 партияны тіркеді


Сайлауы қолындағы бюллетень. Көрнекі сурет.
Сайлауы қолындағы бюллетень. Көрнекі сурет.

Қырғызстанда 4 қыркүйекте ресми түрде сайлауалды науқан басталады. Парламенттегі 120 орынға 15 саяси партия таласады. Парламент сайлауы 4 қазанда өтеді.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы 3 қыркүйекте "Актив" пен "Бутун Кыргызстан" партияларының өтініштері талаптарға сәйкес келмеді деп қабылданбағанын хабарлады.

ОСК "Бутун Кыргызстан" партиясы берген құжаттардың ережеге сәйкес еместігін алға тартып, кейбір деректердің анық еместігін айтты. Жақында құрылған "Актив" партиясы шамамен 63 500 доллар көлемінде тіркелу жарнасын төлей алмаған.

Сарапшылар негізгі тартыс үкіметшіл "Бірімдік", "Мекеним Кыргызстан" және "Кыргызстан", "Ата мекен" партиялары арасында болады деп болжайды. Заң бойынша бір партия парламенттен 65-тен артық орын ала алмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG