Accessibility links

Қырғызстанға коронавируспен күресеміз деп барған ресейлік дәрігерлер қайта алмай отыр


Медқызметкерлер Бішкектегі күндізгі ауруханада. Көрнекі сурет.
Медқызметкерлер Бішкектегі күндізгі ауруханада. Көрнекі сурет.

Қырғызстанға Covid індетімен күресуге барған тоғыз ресейлік дәрігер үйіне қайта алмай отыр. Бұл туралы олар Азаттық радиосы Қырғыз қызметіне мәлімдеді.

Шілде айында Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар күрт артып, ауруханаларда дәрігер жетіспей, көмекке Ресейдік 100-ге жуық ерікті медқызметкер келген. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі және Ресейдің сыртқы істер министрлігі дәрігерлердің қайтуына мүмкіндік жасауға уәде етті, алайда еларалық шекара әлі жабық.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, тоғыз медқызметкер төленбейтін демалыс алуға мәжбүр болған. Олар Мәскеудегі және Санкт-Петербургтегі жұмысына жете алмай қалған.

"Біз [Қырғызстанға] келмей тұрып Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі және СІМ елге қайта алатынымызды айтып, уәде берді. Қырғызстанның түрлі қалаларында «қызыл зоналарда» жұмыс істеп, жергілікті дәрігерлерге берілетін жалақыны алдық. Қазір біз Ресейге қайтқымыз келеді, бірақ шекара жабық. Биліктің уәдесін қашан орындайтыны белгісіз" деді медқызметкерлердің бірі Талантбек Ахун уулу.

Қырғызстанда қалып қойған медқызметкерлер арасында реаниматолог-анестезиологтар, неврологтар, кардиологтар бар. Дәрігерлердің азаматтығы нақтыланбады.

Ресми дерек бойынша, Қырғызстанда 44 227 адам коронавирусқа шалдыққан, 1061 адам ауру салдарынан қайтыс болған. Кейінгі күндері коронавирус жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді: өткен тәулікте инфекция 92 адамнан анықталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG