Accessibility links

Covid пен пневмония дерегі. Бір күнде 11 өлім тіркелді



Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зират. Қараой ауылының маңы, Алматы облысы, 25 мамыр 2020 жыл.
Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зират. Қараой ауылының маңы, Алматы облысы, 25 мамыр 2020 жыл.

4 қыркүйек күні Қазақстанда ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы 397 адамнан анықталды. Аурудың бұл түрінен 5 адамның өлімі тіркелді. Осы күні ПТР тестімен расталған коронавирус ауруынан 6 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Қазақстан үкіметі зертханалық талдаумен расталмаған коронавирус пневмониясы дерегін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Сол уақыттан бері осы күнге дейін 27 200 адамның коронавирус пневмониясы анықталған, 310 адам қайтыс болған. Ел үкіметі бұл деректі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ұлттық статистикасына қоспай келеді.

Ұлттық статистикаға тек ПТР тестімен расталған науқастар ғана кіреді. Олардың жалпы саны 106 225-ке жетті. Олардың 99 мыңы жазылып шығып, 1618-і қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG