Accessibility links

Ресей Украинаның экс-президенті Порошенко мен әнші Вакарчукке қарсы санкция енгізді


Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко (ортада).
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко (ортада).

Ресей үкіметі Украинаның бұрынғы президенті, "Европейская солидарность" оппозициялық партиясының қазіргі жетекшісі Петр Порошенкоға қарсы санкция жариялады. Бұл туралы үкіметтің қаулысында жазылған.

Санкция тізіміне Украинаның 41 азаматы кірген. Порошенкодан бөлек ол тізімде "Океан Эльзы" ән тобының жетекшісі Святослав Вакарчук те жүр. Вакарчук жақында украиналық "Голос" партиясының жетекшісі қызметінен және Жоғарғы рададан кеткен болатын. Тізімге сондай-ақ бірінші вице-премьердің кеңесшісі Степан Кубив, Жоғарғы раданың депутаттары Кира Рудик пен София Федина, Украина қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы басшысы Валентин Наливайченко және Қырым татарлары жетекшілерінің бірі Ахтем Чийгоз кірген.

Ресей Украина азаматтары мен кәсіпорындарына қарсы санкцияларын алғаш рет 2018 жылы енгізген. Порошенко ел президенті кезінде тізімге кірмеген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ол кезде Порошенконың тізімге кіруі "шектен шығатын қадам" болушы еді деді. Ол "дәстүр бойынша президенттер санкциялық тізімге" кірмейтін деп мәлімдеген.

Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленский санкциялық тізімде жоқ. Петр Порошенко Ресейге сыни мәлімдемелерді жиі айтады. Ол сондай-ақ Украинаның қазіргі билігін Мәскеуге қатысты ұстанымы тым жұмсақ деп сынайды.

Мұның алдында Украина Қырымды аннекциялағаны үшін және Донбастағы шиеленіс үшін Ресейге санкция салған. Сонымен қатар Украина Еуроодақ жариялаған санкцияларға қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG