Accessibility links

Үндістанда бір күнде 90 мың адамнан Covid анықталды. Әлемде вирус жұқтырғандар 27 миллионға жуықтады


Медқызметкер Мумбайдың кедейлер тұратын ауданындағы тұрғындардың Covid инфекциясын жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру үстінде. Үндістан, 6 шілде 2020 жыл.
Медқызметкер Мумбайдың кедейлер тұратын ауданындағы тұрғындардың Covid инфекциясын жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру үстінде. Үндістан, 6 шілде 2020 жыл.

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 26,96 миллионға жеткен, аурудан қайтыс болғандар 879 мыңнан асқан. Ал Үндістанда Covid инфекциясы бір күнде 90 мың адамнан анықталып, тәулік көрсеткіші бойынша әлем рекорды жаңарды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Үндістанда жексенбі, 6 қыркүйек күні 90 мың адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Тәулік ішінде 1065 Covid өлімі тіркелген. Елдегі вирус жұқтырғандар саны 4,1 миллионға, аурудан қайтыс болғандар саны 70,6 мыңға жеткен. Covid инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны жөнінен Үндістан Бразилияға жақындап қалды. Онда вирус жұққандар саны бір күнде 30 мыңға артып, жалпы саны 4,12 миллионға жеткен. Індеттен 126 мың адам қайтыс болған.

Мексикада ресми дерек бойынша коронавирустан 67 326 адам қайтыс болған. Бұл – Covid өлімі бойынша әлем елдері арасында төртінші көрсеткіш. Eлдің денсаулық сақтау министрі биыл тамызға дейін өлім саны болжанған көрсеткіштен 122 765-ке көп болған дейді. Бұл коронавирустан қайтыс болғандардың саны ресми көрсеткіштегіден жоғары болуы мүмкін екенін білдіреді.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша көш басында тұрған АҚШ-та 6,3 миллионға жуықтаған. Инфекция жұқтырған 188,5 мың адам дүниеден озған. Ел қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде өтетін Еңбек күні мейрамына дайындалып жатыр. Дәстүр бойынша бұл күні салтанатты парад өтіп, бұқаралық жиындар өтеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп мереке қарсаңында америкалықтарды әлеуметтік қашықтықты ұстануға шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG