Accessibility links

АҚШ президентінің бұрынғы адвокаты кітабында "Трамп Путиннің басқару қабілетіне тәнті" деп жазған


Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн. Нью-Йорк, шілде 2020 жыл.
Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн. Нью-Йорк, шілде 2020 жыл.

АҚШ президентінің бұрынғы адвокаты жақында шыққан кітабында Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің "басқару қабілетіне" тәнті - оның ақпарат құралдарынан бастап қаржы институттарына дейін "басқара алатындығына" тамсана қарайды деп жазған.

8 қыркүйекте ресми түрде таныстырылатын кітапта Майкл Коэн Трамп Ресей басшысы "тұтас мемлекетке бақылау орнатып, оны өзінің компаниясы сияқты басқара алады" деп санайды және Путиннің осы қабілетіне тәнті деп жазған.

Ұзақ жыл Трамп қоластында істеген Коэн бұған дейін "қаржылық ережелерді бұзғаны үшін" және "конгреске жалған куәлік бергені үшін" үш жылға сотталған.

Коэннің "Disloyal: A Memoir" ("Сатқын: мемуарлар") атты кітабының презентациясы болмай тұрып, Washington Post, CNN және өзге де ақпарат құралдары кітаптың мазмұнымен таныса алған еді, оның үзінділері 5 қыркүйекте жарияланды.

Ақ үйдің жоғары лауазымды қызметкері Коэннің Путин жайлы тұжырымын жоққа шығарып, көптеген зерттеулер Трамптың сайлауалды штабы мен Мәскеу арасында "астыртын келісім" болмағанын көрсетті деп айтқан.

Коэн кітабында президентті тағы да "алаяқ, өтірікші, алдамшы, бұзақы, расист, суайт" деп айыптаған. Коэн Трампқа сөзсіз сенгенін, бірақ қазір бұл пікірінен айнығанын, қараша айындағы сайлаудан кейін "Ақ үйге оралмағанын тілеймін" деп айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG