Accessibility links

Помпео: АҚШ Беларуське адам құқығын бұзғаны үшін санкция салу жағын қарастырып жатыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ Беларусьте адам құқығын бұзу және қудалау фактілеріне қатысы бар ресми тұлғаларға санкция салу жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді.

8 қыркүйек күні мемлекеттік хатшы Беларусь оппозициясы құрған үйлестіру кеңесінің мүшесі Мария Колесникованы ұрлап әкету жайлы хабарламаға алаңдайтынын да жеткізді.

Бұған дейін Колесникова мен үйлестіру кеңесінің тағы екі мүшесін ұстап, елден күшпен шығарып жібермек болғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, Колесникова бұдан бас тартып, шекарада паспортын жыртып тастаған. Помпео әділ сайлауды талап етіп, биліктің қуғын-сүргініне қарсы тұрған Колесникова мен үйлестіру кеңесінің өзге екі мүшесінің батылдығын жоғары бағалайтынын жеткізген.

Беларусь шекарашылары сейсенбі күні Колесникованы Украинамен шекарада ұстағанын айтқан болатын. Ақпарат бойынша, ол шекара пунктіне 8 қыркүйекте таңғы бес шамасында үйлестіру кеңесінің өзге мүшелері Антоном Родненков пен Иван Кравцовпен көлікпен бірге жеткен.

Сейсенбі күні Киевте өткен баспасөз мәслихатында Родненков Колесникова көліктен сытылып шығып, паспортын жыртып, Беларусь жағына қайтып кетті, сол жерде ұсталды деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG