Accessibility links

Беларусьте оппозиция жетекшісі Мария Колесникова ұсталды


Мария Колесникова.
Мария Колесникова.

Беларусьте оппозиция құрған үйлестіру кеңесінің президиум мүшесі Мария Колесникова ұсталып, Минскідегі тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оппозициялық саясаткердің әкесі Александр Колесников сөзіне сүйенген Tut.by сайты хабарлады.

Александр Колесниковтың сөзіне қарағанда оған тергеуші хабарласып, қызының қамалғаны туралы хабар беріп, сәлемдеме беріп жіберуді ұсынған. Сөйтіп, үйлестіру кеңесінің президиумына мүше жеті адам арасында қазір жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич қана бостандықта қалды. Қалған алтауының кейбірі қамалған, кейбірі елден күшпен шығарылған.

Бұған дейін Еврорадио Минскіде Колесникованың пәтерінде тінту болғанын хабарлаған еді. Құқық қорғау орган қызметкерлері подъезді күзетіп, ешкімнің пәтерге жақындауына мүмкіндік бермеген. Олар "тергеу амалдары жүріп жатыр" деп түсіндірген.

Екі күн бұрын Колесникова мен оның екі серігі Иван Кравцов пен Антон Роднянковті ұрлап әкетіп, күшпен Украинаға жібермек болған еді. Кравцов пен Роднянков қазір Киевте. Олардың айтуынша, Колесникова паспортын жыртып, көліктің терезесінен сытылып шығып, Беларуське қайта оралған, сол жерде ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG