Accessibility links

Қарағанды: Жұмысшылар наразылығынан кейін прокуратура фабриканы бұзу жұмыстарын тоқтатты


Қарағанды маңындағы байыту фабрикасының жұмысшылары наразылық акциясын өткізіп жатыр. 7 қыркүйек 2020 жыл.

Қарағанды маңындағы "KAZ Феррит" көмір байыту фабрикасын бұзу жұмыстары тоқтатылды. Осыған дейін фабриканың жүзден астам жұмысшысы конвейер орналасқан аумақты босату қажеттігі жайлы сот шешіміне қарсылық танытып, 500 адам істейтін кәсіпорынның жабылуына жол бермеуді сұраған еді.

– Прокуратура сот орындаушыларынан өндіріс құжаттарын сұратып, заңдылығын тексеретінін хабарлады. Әзірге іс тоқтатылды. Енді бізде қосымша уақыт бар, – деді Азаттыққа "KAZ Феррит" компаниясының заңгері Асхат Ниязов.

Қарағанды облысының прокуратурасы сот шешімін орындау тоқтатылғанын растады. Бұған дейін жергілікті сот "KAZ Феррит" пен "СВХ-Портал" компаниясы арасындағы жер дауы мәселесін қарап, "СВХ-Порталды" байыту фабрикасының өндіріс линиясы орналасқан аумақтың иесі ретінде таныған болатын.

7 қыркүйекте Қарағанды маңындағы "KAZ Феррит" фабрикасының жүзден астам жұмысшысы наразылық акциясын өткізген.

Қарай отырыңыз: Фабрика жабылса, жүздеген адам жұмыссыз қалмақ (7 қыркүйек 2020 жыл).

Фабрика жабылса жүздеген адам жұмыссыз қалмақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Сотта жеңген "СВХ-Портал" компаниясының өкілдері бұған дейін осы аумақтан өздері де пайда тапқысы келетінін айтып, "KAZ Ферриттің" жалға алу шартымен келіспей отырғанын жеткізген.

Ал оқиға орнына келген билік өкілдері өндіріс линиясы орналасқан аумақты мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыратынын айтқан. Қарағанды әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мамандары егер жер мемлекет меншігіне өтсе, оны пайдалану мәселесін мемлекеттік комиссия шешеді деген еді.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG