Accessibility links

АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракт құрбандарын еске алады


Теракт құрбандарының аты-жөні жазылған мемориал тақтасына қолын қойып тұрған әйел.
Теракт құрбандарының аты-жөні жазылған мемориал тақтасына қолын қойып тұрған әйел.

АҚШ-та жұма күні 2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракт құрбандарын еске алады. Биыл коронавирус індетіне байланысты еске алу шараларына сәл өзгеріс енгізілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп және оның сайлаудағы қарсыласы Джо Байден Пенсильваниядағы ұлттық мемориалға тәуліктің әртүрлі уақытында барады. Нью-Йоркте індетке байланысты шаралар әр жерде шашыраңқы түрде өтеді.

Биыл ұлттық мемориал мен музейде теракт кезінде қаза болған адамдардың аты-жөнін атау дәстүрлі шарасы өтпейді. Есесіне қайғылы оқиға орнына келушілер қаза болғандардың есімін атайтын жазбаны көреді. Кейбір адамдар мұндай шара эмоциясыз жұтаң болады деп сынағандықтан өрт сөндіруші Стивен Силлер қоры "Мұнараға дейінгі өткел" шарасын ұйымдастырған.

Вице-президент Майк Пенс екі шараға да қатысуды жоспарлап отыр. Байден Пенсильванияға бармай тұрып, Нью-Йорктегі негізгі шараға қатысады.

11 қыркүйек - АҚШ-тағы 2001 жылғы теракт құрбандарын еске алу күні. 19 жыл бұрын 11 қыркүйекте болған бірнеше терактіде содырлар төрт жолаушы ұшағын айдап әкетіп, екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына, үшіншісін Пентагонға апарып соққан. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған. Террорлық актілерден барлығы үш мыңға тарта адам қаза тапқан. Жыл сайын осы күні АҚШ пен әлемнің өзге елдерінде теракт құрбандарын еске алу шаралары өтеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG