Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 300-ден астам адамнан "коронавируске ұқсас" пневмония анықталды


Covid-19 коронавирусы қаупі туралы көшедегі жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан маска таққан адам. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.
Covid-19 коронавирусы қаупі туралы көшедегі жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан маска таққан адам. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.

Қазақстанда өткен тәулікте "коронавирусқа ұқсас" пневмонияға шалдыққан, бірақ ПТР-тест қортындысы Covid-19 вирусы жоғын анықтаған 307 науқас тіркелген. Бұл туралы 12 қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жұма күні пневмонияның осы түрінен екі адам қайтыс болған.

1 тамыздан бері елде осындай пневмониямен 29 235 адам ауырған, 320 науқас көз жұмды. 6787 адам дерттен айыққан.

Елде пневмонияның бұл түрі жаз басталғалы өршіп кеткен. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ондай пневмонияға шалдыққан және содан қайтыс болғандарды 1 тамыздан бастап жеке есеп бойынша тіркеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда әдеттен тыс пневмонияның өршуін Covid-19 диагнозын дұрыс қоймаумен байланыстыр, ал қазақстандық дәрігер белсенділер билікті "статистикамен ойнамауға" үндеген. Осыдан кейін министрлік пневмонияны коронавирус салдары деп мойындауға мәжбүр болған. Алайда осыған қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі пневмониямен ауырғандар және одан қайтыс болғандар туралы мәліметті Covid-19 статистикасына қоспай, жеке жариялайды. Министрлік маусым мен шілде айларында пневмониямен ауырған және қайтыс болғандарды жалпы статистикаға қоспауының себебін "коронавирусқа ұқсайтын" пневмонияны өзге түрлерінен (бактерия, зең, түрлі қоздырғыш вирус әсерінен болатын) ажыратудың қиындығымен түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG