12 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан тағы 346 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 36 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 29 581 адам шалдыққан, 321 адам қайтыс болған, 6 823 адам жазылған.
12 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 1667 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, "ілеспе аурулар" себеп болды деп мәлімдеген.
Қазір 4 521 адам covid-тен емделіп жатыр, 35-і - бала. Стационарда - 2 353 адам, амбулаторлық жағдайда 2169 адам емделіп жатыр. 129 адамның жағдайы ауыр, 22 науқастың жағдайы - өте ауыр, 27 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.
Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоғарыда айтылған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі вирус пневмониясы Қазақстанда маусым және шілде айларында өршіген. Ведомство бұған дейін жалпы пневмония статистикасынан оларды айырып, ажырату мүмкін емес екенін айтып, нақты қанша адамның вирус пневмониясына шалдыққаны анықталмады деген.
ПІКІРЛЕР