Accessibility links

Ресейде "Единая Россия" танымалдығына сынақ болатын жергілікті сайлау өтіп жатыр


Кандидаттарды жарнамалайтын баннер маңынан өтіп бара жатқан ер адам.
Кандидаттарды жарнамалайтын баннер маңынан өтіп бара жатқан ер адам.

Ресейдің 41 аймағында аймақтық сайлау өтіп жатыр. Сарапшылар 2021 жылы өтетін дума сайлауы қарсаңында жергілікті сайлау халық арасында беделін жоғалтып бара жатқан президент Владимир Путиннің "Единая Россия" партиясының танымалдығына сынақ болады деп айтып отыр.

41 аймақтың 18-інде губернаторларды тікелей сайлайды, 11-і аймақтық парламент мүшелерін таңдайды, 22 қала муниципалды заң шығару органына дауыс береді. Төрт бір мандаттық округте госдуманың қосымша депутаттарын сайлайды. (Қазіргі депутаттар қайтыс болған кезде немесе қызметін ауыстырған кезде орнын басады).

Биыл коронавирус індетіне байланысты дауыс беру екі күн бұрын басталған еді. Алайда Владимир Путиннің сыншылары "Единая Россия" партиясының пайдасына қарай сайлау қорытындысын бұрмалау үшін сайлау процесі үш күнге созылғанын айтады.

"Голос" тәуелсіз бақылау тобы шілде айында жариялаған есебінде заң шығарушылар сайлауды "бұрмалау үшін" пандемияны қолданды деп жазған. Есеп авторлары сайлаудың "соңғы 25 жыл ішіндегі ең нашар ереже аясында өтіп жатқанын" айтқан. Көптеген аймақта "Единая Россияға" кірмейтін кандидаттар тіркеле алмай, оппозиция кандидаттары мен кампания қызметкерлеріне шабуыл жасалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG