Accessibility links

Қытайдың ByteDance компаниясы TikTok қосымшасын Microsoft-ке сатудан бас тартты


TikTok қосымшасы.
TikTok қосымшасы.

Қытайлық ByteDance компаниясы шағын видеолар алмасуға мүмкіндік беретін TikTok қосымшасын америкалық Microsoft компаниясына сатудан бас тартты. Бұл туралы Microsoft компаниясы хабарлады.

"TikTok иесі ByteDance бүгін бізге TikTok-тың америкалық сегментін сатпайтынын хабарлады" делінген Microsoft компаниясының 13 қыркүйектегі мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ қосымша ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп мәлімдеп, президент Дональд Трамп TikTok иелерін қосымшаны америкалық компанияларға сатуға кеңес берген еді.

Дереккөзге сүйенген америкалық БАҚ ByteDance компаниясының қосымшасын Oracle сатып алуы ықтимал екенін жазды. Алайда TikTok те, Oracle де бұл ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамп қосымшаны қолданатын адамдардың жеке деректері Қытайдың арнайы қызметінің қолына түсуі мүмкін деп мәлімдеп, қыркүйектің ортасында TikTok-ты жабатынын айтқан еді. Ол ByteDance-тен TikTok-тің АҚШ-тағы операцияларын америкалық компанияларға сатуды талап еткен. TikTok қолданушылар туралы мәлімет Қытай билігіне беріледі деген тұжырымды жоққа шығарып, сот арқылы қосымшаға тыйым салу туралы ықтимал шешімнің күшін жоюға тырысып жатыр.

Әлемде TikTok-тың шамамен 700 миллион қолданушысы бар. Оның 100 миллионы АҚШ-та тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG