Accessibility links

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.

14 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 8 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 29 666 адам шалдыққан, 331 адам қайтыс болған. Ведомство бір күн бұрын 30 мыңға жуық науқастың 6800-ден астамы жазылды деп мәлімдеген еді. 15 қыркүйекте 26 335 адам деп айықты деп хабарланды. Бір күнде жазылғандар саны 6800-ден бірден 26 мыңға дейін артып отыр. Күн сайын жазылғандар санын хабарлайтын министрлік сейсенбі күні айтпады, көрсеткіштің күрт артуының себебін де түсіндірмеді.

14 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 1675 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, "ілеспе аурулар" себеп болды деп мәлімдеген.

Қазір 4 409 адам covid-тен емделіп жатыр, 37-і - бала. Стационарда - 2 362 адам, амбулаторлық жағдайда 2 047 адам емделіп жатыр. 124 адамның жағдайы ауыр, 20 науқастың жағдайы - өте ауыр, 22 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоғарыда айтылған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі вирус пневмониясы Қазақстанда маусым және шілде айларында өршіген. Ведомство бұған дейін жалпы пневмония статистикасынан оларды айырып, ажырату мүмкін емес екенін айтып, нақты қанша адамның вирус пневмониясына шалдыққаны анықталмады деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG