Accessibility links

АҚШ Шыңжаңдағы қысымға байланысты Қытайдан импортталатын өнімдерге тыйым салды


Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінің" бірі. 2018 жыл.
Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінің" бірі. 2018 жыл.

АҚШ 14 қыркүйекте Қытайдың Шыңжаң аймағынан мақта, киім-кешек, компьютер бөлшектері мен шашқа арналған өнімдерді импорттауға тыйым салатын бұйрық шығарды. Бұған дейін Қытай билігінің оларды өндіру үшін "саяси лагерьлер мен түрмедегі" тұтқындарды мәжбүрлеп жұмысқа салғаны туралы хабар тараған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, бұл жарлық АҚШ-тың кеден және шекараны қорғау қызметіне мәжбүрлеп еңбекке жегу немесе түрме тұтқындарының еңбегін қанау арқылы өндірілген тауарларды тұтқындауға және елге импорттамауға өкілет береді.

АҚШ пен Қытай арасындағы жағдайды онан сайын ушықтыратын әрекет Қытайдың Шыңжаң аймағында ұйғыр және өзге де байырғы этникалық топтарға қысым көрсетуіне қарсы бағытталған.

Бұл бұйрық әлем Қытайдың Шыңжаңдағы ұйғырларға және өзге де мұсылман топтардың құқықтарын өрескел бұзып, еңбекті қанау, бостандықтан айыру сияқты өрескел заңбұзушылықтарға төзбейтінін көрсетеді деді Помпео.

2017 жылдан бері Қытайға Шыңжаңдағы концентрациялық лагерьлерге миллионға жуық мұсылманды қамап, азаптады деген айыптаулар айтылып келеді. Қытай "қайта тәрбиелеу және кәсіп үйрету орталықтары терроризм мен экстремизммен күрес үшін қажет" дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG