Accessibility links

Вашингтонда Израиль, БАӘ және Бахрейн қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қойды


Ақ үйде Израиль премьер-министрі мен БАӘ және Бахрейн сыртқы істер министрлерін қабылдаған АҚШ президенті Дональд Трамп құжатқа қол қою рәсіміне қатысып отыр. 15 қыркүйек 2020 жыл.
Ақ үйде Израиль премьер-министрі мен БАӘ және Бахрейн сыртқы істер министрлерін қабылдаған АҚШ президенті Дональд Трамп құжатқа қол қою рәсіміне қатысып отыр. 15 қыркүйек 2020 жыл.

15 қыркүйекте Бахрейн корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері және Израиль Вашингтонда қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлері Әбдел Латыф әз-Зайяни және Абдалла бен Зейд әл-Нахайян қатысты.

Бұл мемлекеттер арасында қақтығыс болмағандықтан мәселе бейбіт келісім жайында болып отырған жоқ.

Дегенмен халықаралық БАҚ-тың жазуынша, әлемдегі жағдайы тұрақсыз саналатын аймақтардың бірі Таяу Шығыста бейбітшілікті сақтау үшін құжаттың маңызы зор.

АҚШ президентінің әкімшілігі араб монархиясы мен еврей мемлекеті арасындағы келіссөзде араағайындық танытты. Трамп пен Нетаньяху арасындағы жақын қарым-қатынасты атап өткен британдық BBC сайты келісімнің жалпы стратегиялық астары барын жазады. Нетаньяху әкімшілігі мен араб монархиясы екеуі де Таяу Шығыстағы тыныштықты негізінен Иран бұзып отыр деп есептейді және Тегеранға төтеп беру үшін күш біріктіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG