Accessibility links

АҚШ сенаторлары белорус шенеуніктеріне санкция салуды көздейтін резолюцияны таныстырды


Беларусь оппозициясының митингісінде арнайы жасақтың демонстранттарды күшпен ұстағанын көріп, эмоциясына ерік берген әйел. Минск, 3 қыркүйек 2020 жыл.
Беларусь оппозициясының митингісінде арнайы жасақтың демонстранттарды күшпен ұстағанын көріп, эмоциясына ерік берген әйел. Минск, 3 қыркүйек 2020 жыл.

АҚШ-та демократ және республикашыл сенаторлардан құралған бір топ заң шығару орган өкілі Беларусьте бейбіт шеруді күшпен басуға жауапты шенеуніктерге санкция салуға үндейтін резолюцияны таныстырды.

Айдахо штатынан сайланған сенатор, халықаралық қатынастар бойынша сенат комитетінің төрағасы Джим Риш Беларусь оппозициясын қудалау мен күш қолдану әлі жалғасып жатыр деп мұның ақылға сыймайтын әрекет екенін айтты.

Резолюцияда 9 тамызда өткен президент сайлауының еркін өтпегені, әділ болмағаны жазылған. Резолюция авторлары орталық сайлау комиссиясының қорытындысын жарамсыз деп таныған. Онда сонымен бірге барлық саяси тұтқындар мен бейбіт шеруде ұсталғандарды босату қажеттігі жайлы талап та бар.

Резолюцияға сәйкес, АҚШ Еуроодақ және халықаралық әріптестермен бірігіп, Беларусь билігіне санкция салады. Құжатта Беларусь мемлекеттік органдарының 7 мыңнан астам адамды ұстағаны, құқық қорғау органдарының көптеген наразыны ұрып-соққаны, азаптағаны жазылған. Құжатта сонымен бірге беларусь билігінің баспасөз бостандығын шектегені туралы да мәлімет бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG