Accessibility links

Есихидэ Суга Жапония премер-министрі болып тағайындалды


Жапонияның жаңа премьер-министрі Ёсихидэ Суга.
Жапонияның жаңа премьер-министрі Ёсихидэ Суга.

Жапония парламенті басқарушы либерал-демократиялық партиясының жаңа төрағасы Есихидэ Суганы премьер-министр қызметіне тағайындады. Оның кандидатурасын парламент депутаттарының басым бөлігі қолдады деп жазды "Киодо Цусин" агенттігі. 71 жастағы Есихидэ Суга биыл денсаулығына байланысты отставкаға кеткен Синдзо Абэнің орнын басады.

16 қыркүйекте таңертең Абэ жетекшілік еткен жапон үкіметі отставкаға кеткен. Алдағы бірнеше сағат ішінде Суга жаңа министрлер кабинетінің құрамын жариялауы тиіс. Абэ үкіметті басқарған тұста министр болғандардың басым бөлігі орнын сақтап қалады деп айтылады.

Суга 2012 жылы желтоқсан айында елдің бас хатшысы қызметіне тағайындалып, жапон тарихында бұл қызметті ең ұзақ уақыт атқарған жоғары лауазымды тұлға атанған. Жапон парламентіне сайланған, шамамен бір жыл ішкі істер министрі болған. Оны бұрынғы премьер-министрдің жақын серіктерінің бірі деп атайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG