Accessibility links

Беларусь билігін "интернетті өшіретін" жабдықпен қамтамасыз ететін компания Минскімен келісім-шартты бұзды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Беларусь билігін интернет-трафикке фильтрация жасайтын жабдықпен қамтамасыз ететін америкалық Sandvine компаниясы Минскінің "компания өнімін адам құқығын бұзу мақсатында пайдаланғаны үшін" онымен келісім-шартты бұзды. Компания мәлімдемесін Bloomberg агенттігі жариялады.

Хабарламада компания өніміне "Беларусьтегі сайлау кезінде ақпараттың еркін таралуына кедергі жасау үшін" қосымша код енгізілгені жазылған. Компания өкілдері өз өнімдерін адам құқығын бұзу мақсатында пайдалануды "жаратпайтынын" жеткізген.

Дегенмен жабдық қазір істеп тұр. Беларусь билігі тек жабдықтың жаңарған нұсқасын қолдана алмайды, техникалық қолдаумен қамтамасыз етілмейді. Бұл дегеніңіз интернетті бұғаттау үшін Sandvine технологиясы елде әлі ұзақ қолданылады дегенді білдіреді.

Беларусьтің интернет-трафикті бұғаттау үшін Sandvine жабдықтарын пайдаланғаны туралы ақпарат тамыз айында белгілі болған. Жабдықтың өзі көктемде жеткізілген. Қыркүйек айында АҚШ сенатындағы демократтар жетекшісінің көмекшісі Дик Дурбин техниканы жеткізу Американың Беларуське санкция салу шарттарын бұзбай ма деген сұрақты қозғап, қаржы министрлігінен тексеруді сұраған.

Bloomberg-тің жазуынша, Sandvine қызметкерлері Беларусь үкіметімен әріптестік орнатқанға наразы болған. 10 қыркүйекте компанияның техникалық директоры Александр Хаванг әріптестерімен талқылау кезінде "интернетке еркін қол жеткізуді адам құқығының бір бөлшегі деп санамайтынын" жеткізген.

2018 жылы Citizen Lab зерттеу орталығы Sandvine компаниясы Египет билігіне интернет-цензура жасауға көмектескен болуы мүмкін деген күдік айтқан. Компания зерттеу қорытындысын жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG