16 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 263 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 3 адам қайтыс болды. Бір күнде 72 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 30 337 адам шалдыққан, 335 адам қайтыс болған. 26 478 адам жазылған.
16 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 5 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында 1685 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, "ілеспе аурулар" себеп болды деп мәлімдеген.
Қазір 4 037 адам covid-тен емделіп жатыр, 37-і - бала. Стационарда - 2 221 адам, амбулаторлық жағдайда 1 816 адам емделіп жатыр. 125 адамның жағдайы ауыр, 16 науқастың жағдайы - өте ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.
ПІКІРЛЕР