Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметова 18 қыркүйектегі брифингте Қазақстанның Ресеймен ғана коронавирус вакцинасын сатып алу туралы келісім жасасқанын "ресейлік екпе басқалардың алдына шығып кетті" деп түсіндірді.
- Бұл, бәлкім, ресейлік вакцина басқа екпелермен салыстырғанда клиникалық сынақ бойынша алға шығып кеткенімен байланысты шығар. Ресейлік вакцинаның нәтижесі сынақтың төртінші кезеңіне жақын қалды, - деді ол.
Қожахметов Қазақстан сертификациядан бірінші өткен және жаппай сатылымға шығатын вакцинаны алу үшін кез келген елмен келісім-шарт жасасуға дайын деп сендірді.
- Қытай бола ма, Ресей бола ма, Қазақстан бола ма маңызды емес. Әрине, біз отандық вакцинаға басымдық береміз. Бастысы – шұғыл шара қабылдау, - деді министрлік өкілі.
Бірнеше күн бұрын қазақстандық басылымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда сынақта өтіп жатқан екінші вакцинаны кандидаттар тізіміне қосқанын хабарлады. Қожахметов брифингте қоғамды "қазақстандық ғалымдарға сенуге" шақырды.
— Сенейік, бақылап көрейік… Бұл – халықаралық сертификация. Біздің ғалымдардың осыған жеткеніне қуаныштымын, - деді ол.
- Қазір әлемде 100-ден астам коронавирусқа қарсы вакцина жасалып жатыр. Covid індетіне қарсы екпені алғаш тіркеген елдердің бірі Ресей қазан айында жаппай егу бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 12 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Ресейге вакцина сатып алу бойынша делегация жіберетінін хабарлаған. Бұл қоғамда түрлі пікір туғызған. Денсаулық сақтау министрлігі сынақтың барлық кезеңі аяқталмайынша препаратты алмайтынын мәлімдеген.
- 24 тамызда Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арнайы делегациямен Мәскеуге барған. Делегация Мәскеуде ресейлік вакцина "дайын болып, халықаралық сертификациядан өткенде" сатып алу туралы келісім жүргізетіні хабарланған.
- 26 тамызда Нұр-Сұлтан мен Мәскеу ресейлік вакцинаны алу жөнінде келісімге қол қойғаны белгілі болды. Ресейлік вакцинаның финалдық сынағы әлі аяқталған жоқ.
- Батыс елдері мен ДДСҰ ресейлік вакцина барлық сынақтан өтпеді деп алаңдаушылық білдірген. Бірақ бұған қарамастан Мәскеу 8 қыркүйекте вакцинаның алғашқы партиясын айналымға жіберді.
- Қыркүйектің басында денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов ресейлік вакцина тәуекел тобына енетін адамдарға салуға келмейді деген.
ПІКІРЛЕР