Accessibility links

Италиядағы референдум: Тұрғындар депутаттар санын қысқартуды қолдады


Римдегі сайлау учаскесі.
Римдегі сайлау учаскесі.

Италия азаматтарының 60 пайыздан астамы қатысқан референдум қорытындысы бойынша, тұрғындар Конституцияға депутаттар мен сенаторлар санын қысқарту туралы түзету енгізуді қолдаған. Дүйсенбі күні сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жарияланған экзитполл қорытындысы осындай. Дауыс беру екі күнге созылды.

Бұған дейін парламент мақұлдаған түзетулерге сәйкес, 2023 жылдан бастап депутаттар саны 630-дан – 400-ге, сенаторлар саны 315-тен 200-ге дейін қысқарады. Заң жобасын жасау туралы бастаманы басқарушы коалиция құрамына кіретін "Бес жұлдыз қозғалысы" тобы көтерген.

Дауыс беру кезінде санитарлық талаптарды сақтау қажеттігі ескертілген. Референдумнан бөлек, бірқатар аймақтарда жергілікті билік органдарын сайлау процесі қатар жүрген.

Экзитпол деректеріне сәйкес, оңшылдар оның ішінде Маттео Сальвинидің популистік оппозициялық "Лига" партиясына дауыс берушілер қатары көбейген. Алайда сарапшылар Тосканада жергілікті билік органдарында ұзақ жылдардан бері басымдыққа ие болып отырған солшыл күштерді оңшылдар басып оза алмауы мүмкін дейді. "Лига" қолдаған кандидаттар Венето, Лигурияда жеңіске жеткен. Кампанияда солшылдар жеңіп жатыр. Әзірге Апулиядағы сайлау нәтижесі белгісіз.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG