Accessibility links

Қытайда Си Цзиньпинді сынаған магнат 18 жылға сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытайда магнат, президент Си Цзиньпин сыншысы Рэн Чжицян "жемқорлық бабымен" 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекетке тиесілі жылжымайтын мүлік агенттігінің бұрынғы жетекшісі Рэнге бұған қоса, 4 миллион юань ($618,000) көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы 22 қыркүйекте Пекин аралық соты хабарлады.

Сот Рэнді "жемқорлық, пара беру, қоғам қаржысын жымқыру және қызмет өкілетін асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп тапқан. Соттың хабарлауынша, Рэн "қылмыс жасағанын мойындап", үкіммен "келіскен".

Коммунистік партиясының бұрынғы мүшесі және мемлекеттік жылжымайтын мүлік агенттігінің бұрынғы төрағасы 69 жастағы Рэн Коммунистік партиядағы ірі лауазымды шенеуніктер атап айтқанда, вице-президент, елдегі екінші ықпалды адам Ван Цишанмен жақсы қарым-қатынаста болған.

Рэн шілде айында "шексіз байлыққа қол жеткізу үшін балаларымен астыртын сөз байласты" деп айыпталып, партия құрамынан шығарылды.

Пекиннің коронавируспен күрес шараларын сынап мақала жариялағаннан кейін Рэн және оның ұлы көмекшісімен бірге жоғалып кеткен.

Оның мақаласында Си Цзиньпиннің аты тікелей аталмаса да билікке құмар "император рөлін сомдауға бекінген" "сайқымазақ" жайлы айтылады. Рэн коммунистік партияны әлеуметтік желіде де сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG