Accessibility links

Макрон Ресейден Навальныйдың улануын түсіндіруді талап етіп, "қызыл сызықтан" өтпеуді ескертті


Франция президенті Эммануэль Макрон.
Франция президенті Эммануэль Макрон.

Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың улануына байланысты Мәскеуден "жылдам әрі анық" түсініктеме беруді талап етті.

"Біз Еуропада, Ресейде немесе Сирияда химиялық қаруды қолдануға үнсіз қарап отыра алмаймыз" деді Макрон 22 қыркүйекте БҰҰ-ның Бас ассамблеясы жиынында. Франция басшысы Ресей билігін оқиғаның жай-жапсарын анық түсіндіруге шақырып, "егер қызыл сызық" кесілсе, онда батыл қимыл жасауға дайын екенін мәлімдеді.

44 жастағы Алексей Навальный 20 тамызда Новосибирскіде жемқорлық туралы зерттеу жүргізіп қайтып келе жатқан жолда ұшақта жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Германия дәрігерлері оның ағзасынан совет кезінде жасалған "Новочик" әскери уының қалдықтары табылды деген. Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель және өзге елдер саясаткердің улануына байланысты Ресейден жауап беруді талап еткен.

Осы айдың басында комадан тұрған Навальныйдың денсаулығы жақсара бастаған. Ресей билігі Германия мамандарының қорытындысына күмән келтіріп, оқиғаға қатысы жоғын айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG