Accessibility links

Қарағанды қаласының әкімі ауысты


Қарағанды қаласының жаңа әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.
Қарағанды қаласының жаңа әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.

Ермағанбет Бөлекбаев Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы 23 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімдігінің сайты хабарлады.

Хабарламада Қарағанды қалалық мәслихат депутаттарымен келісілгеннен кейін облыс басшысы Жеңіс Қасымбектің жаңа әкімді көпке таныстырғаны жазылған.

Бұрынғы әкім Нұрлан Әубәкіров басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Қай қызметке тағайындалғаны әзірге айтылмайды.

Ресми хабарламаға сәйкес, Ермағанбет Бөлекбаев 1975 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Әр жылдары Павлодар облысы әкімдігіне қарайтын мекемелерде түрлі қызмет атқарған. 2013-2018 жылдары Нұр-Сұлтанда Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарының әкімі болған.

2018 жылы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалған. Сол жылы қараша айынан бастап қазірге дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG