Accessibility links

Теміртау мен Жезқазған экобелсенділері биліктен өтемақы мен балаларының денсаулығын тексеруді сұрады

Теміртау, Жезқазған және Балқаш экологиясына арналған жиын. Қарағанды, 23 қыркүйек 2020 жыл.
Теміртау, Жезқазған және Балқаш экологиясына арналған жиын. Қарағанды, 23 қыркүйек 2020 жыл.

Қарағанды облысының экобелсенділері аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды қабылдау кезінде тұрғындар ұсыныстарын да ескеруді сұрайды. Тұрғындар ұсыныстарын 23 қыркүйекте Қарағандыда өткен дөңгелек үстел кезінде жеткізді.

Теміртаулық экобелсенді Елена Варганова бірнеше жыл бұрын жүргізілген тәуелсіз зерттеу нәтижесі бойынша қорғасын мөлшері шамадан тыс екені анықталған қалада тұрып жатқан балалардың денсаулығын тексеру қажеттігін мәлімдеді.

- Экология мәселелеріне біржақты қарауға болмайды. Біз алдын алу қажеттігі жайлы айтамыз да бірақ неге екені белгісіз, аурудың себептеріне тоқталмаймыз. Бәлкім, экологияны жақсарту жөніндегі жол картасына балалардың денсаулығын тексеруді де енгізу керек шығар. Қанда ауыр металл бар ма, жоқ па, соны анықтау керек шығар? - деді Варганова.

Жезқазған тұрғыны, арнайы мониторинг тобының мүшесі, журналист Мақпал Орынбетова шенеуніктерден Ұлытау ауданы тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесін қарастыруды сұрады. Бұл ауданнан Байқоңыр айлағынан ұшатын зымыран-тасығыштардың бөлшектері құлайтын аумақ бөлінген.

- 1997 жылға дейін тұрғындар өтемақы алып келген. Соны қайтару мәселесін қарастыруды сұраймыз. Зымыран қалдықтары елді мекенге жақын жерге түседі. Гептил - бұл радиоактивті зат, ол жерге сіңеді. 2017 жылы Талап ауылының маңына тағы бір зымыран-тасығыш құлады ("Союз-2.1а" зымыран-тасығышының бөлшегі - ред.). Ол кезде ірі өрт шығып, зардап шеккендер, қаза болғандар болды. Тұрғындар қалай өмір сүреді? Бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын, - деді Орынбетова Азаттық тілшісіне.

Кездесу кезінде Орынбетованың сұрақтарына жауап берген билік өкілдері "ұшыруды азайту мәселесі бойынша келісімге келдік", ал "өтемақы мәселесі қаралып жатыр" деді.

Жезқазған белсенділері кездесу кезінде онкологиялық ауруға шалдыққандарды емдейтін аурухананы қалпына келтіруді де сұрады. Мекеме 20 жыл бұрын жабылып қалғандықтан тұрғындар Қарағандыдан 500 шақырым жердегі ауруханаға баруға мәжбүр. Балқаштан келген белсенді қала шеті ылғи тұманданып тұратынын айтып, ысқа шағымданды.

- Ұсыныстарымызды 14 мамырда жібергенбіз, бірақ содан бері жауап та жоқ, кездесу де өткен жоқ, - деді жергілікті эколог Дмитрий Калмыков.

Кездесуге келген шенеуніктер белсенділердің талап-тілектерін ескеруге уәде берді.

- Теміртау қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі кешенді жоспар бекіткен. Экология министрлігі Балқаш пен Жезқазған қалаларының экологиялық мәселелерін шешу бойынша жол картасын жасауды ұсынған, - деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысында жүрек-қантамыр аурулары және онкологиялық ауруларға шалдыққандар көп. Бұл көрсеткіштер барған сайын артып барады.

Теміртаудағы қара қар һәм "экоцид" жайлы мәлімдеме

Теміртауда ақ қарды көру тым сирек. Жауған қар бір-екі сағат ішінде қара түске боялады. 
1/12 Теміртауда ақ қарды көру тым сирек. Жауған қар бір-екі сағат ішінде қара түске боялады. 
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Комбинаттар орналасқан аймақпен қатар Теміртаудың басқа аудандарында, қала орталығында да қарлардың түсі қараға айналған. 
2/12 Комбинаттар орналасқан аймақпен қатар Теміртаудың басқа аудандарында, қала орталығында да қарлардың түсі қараға айналған. 
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Ата-аналардың көбі балаларына лас қарда сырғанап ойнауға тыйым салады. Қала ауасынан жағымсыз иіс шыққанда сыртта ойнап жүрген балаларды сирек кездестіресіз. Қаладағы ауаның жағдайына онлайн мониторинг жасап жүрген жергілікті экобелсенділер жұртты сыртқа шықпауға шақырады. Себебі қалада ауа тым лас.
3/12 Ата-аналардың көбі балаларына лас қарда сырғанап ойнауға тыйым салады. Қала ауасынан жағымсыз иіс шыққанда сыртта ойнап жүрген балаларды сирек кездестіресіз. Қаладағы ауаның жағдайына онлайн мониторинг жасап жүрген жергілікті экобелсенділер жұртты сыртқа шықпауға шақырады. Себебі қалада ауа тым лас.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Металлургиялық комбинаттан шыққан түтін. «Отражение» қоғамдық қоры АҚШ елшілігінің қаржысына қалада ауа ластығын РМ-2,5 жиілігімен анықтайтын құрал орнатқан. Үш «датчиктің» көмегімен қаладағы ауаның ластығын онлайн режимде бақылап отыруға болады. Қоғамдық қор жетекшісі Елена Варганованың сөзінше, жақында тағы екі «датчик» орнатылады. Бұл бүкіл Теміртау аумағындағы ауаның жағдайын бақылауға мүмкіндік бермек.
4/12 Металлургиялық комбинаттан шыққан түтін. «Отражение» қоғамдық қоры АҚШ елшілігінің қаржысына қалада ауа ластығын РМ-2,5 жиілігімен анықтайтын құрал орнатқан. Үш «датчиктің» көмегімен қаладағы ауаның ластығын онлайн режимде бақылап отыруға болады. Қоғамдық қор жетекшісі Елена Варганованың сөзінше, жақында тағы екі «датчик» орнатылады. Бұл бүкіл Теміртау аумағындағы ауаның жағдайын бақылауға мүмкіндік бермек.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Кейбір экобелсенділер әлеуметтік желіде жұртты «АрселорМиттал Теміртау» (қаладағы өндірістің иесі) компаниясының жауапты қызметкерлерін «қоршаған орта мен адамдарды улағаны үшін» сотқа беруге шақырады.
5/12 Кейбір экобелсенділер әлеуметтік желіде жұртты «АрселорМиттал Теміртау» (қаладағы өндірістің иесі) компаниясының жауапты қызметкерлерін «қоршаған орта мен адамдарды улағаны үшін» сотқа беруге шақырады.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
ТЭЦ-2 станциясы.  «АрселорМиттал Теміртау» (иесі үндістандық миллиардер Лакшми Миттал) ақпараты бойынша, өндірістің қалдықтың бір бөлігі  ТЭЦ-2 және ТЭЦ ПВС жылу электр станцияларына тиесілі. Компания бірнеше жылдан бері өндірістік қалдық мөлшерін 30 пайызға азайту жайлы айтып келеді. Бірақ іс жүзінде өзгеріс байқалмайды: ауа лас, қыста қар қарайып кетеді.
6/12 ТЭЦ-2 станциясы.  «АрселорМиттал Теміртау» (иесі үндістандық миллиардер Лакшми Миттал) ақпараты бойынша, өндірістің қалдықтың бір бөлігі  ТЭЦ-2 және ТЭЦ ПВС жылу электр станцияларына тиесілі. Компания бірнеше жылдан бері өндірістік қалдық мөлшерін 30 пайызға азайту жайлы айтып келеді. Бірақ іс жүзінде өзгеріс байқалмайды: ауа лас, қыста қар қарайып кетеді.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Үйі комбинатқа жақын маңда орналасқан бұл тұрғын Азаттық тілшісіне бірнеше жыл бұрын қар бұдан таза болғанын айтады. Сөзінше, күн сайын қарға өндіріс қалдықтары қонады.
7/12 Үйі комбинатқа жақын маңда орналасқан бұл тұрғын Азаттық тілшісіне бірнеше жыл бұрын қар бұдан таза болғанын айтады. Сөзінше, күн сайын қарға өндіріс қалдықтары қонады.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Жергілікті экобелсенділер мен тұрғындар бұл жағдайды экоцид деп атайды. Тұрғындар полицияға шағым жазу үшін жергілікті заңгерлерге жүгінген. Заңгер Сергей Бондаренко айтуынша, өндірістік қалдықтардың шамадан тыс асып кетуіне Қылмыстық кодекспен іс қозғалады.
8/12 Жергілікті экобелсенділер мен тұрғындар бұл жағдайды экоцид деп атайды. Тұрғындар полицияға шағым жазу үшін жергілікті заңгерлерге жүгінген. Заңгер Сергей Бондаренко айтуынша, өндірістік қалдықтардың шамадан тыс асып кетуіне Қылмыстық кодекспен іс қозғалады.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Теміртаулық журналист және экобелсенді Олег Гусев Азаттыққа &laquo;экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың (президенттіктен кетсе де, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы ретінде биліктің бір тармағын ұстап отыр) еңбек жолын бастаған Теміртау қаласы экологиялық апат алдында тұрғанын&raquo; айтады. Сөзінше, ауаның ластығынан кейбір тұрғындардың тыныс алу жүйесі аурады.<br />
<br />
- Бес жастағы ұлым астмаға шалдыққан. Мұндай диагноз бір аймақта тұратын тағы төрт балаға қойылған. Бұл экогеноцидке, биліктің қараусыз отырғанына енді ешкім шыдамас. Біз биліктен тек міндетін дұрыс атқарып, азаматтарының құқығын қорғағанын қалаймыз. Үкімет Митталдан комбинатты модернизациядан өткізуді талап етсе, арзанға түспек. Ал жағдай ушығып кетсе, оның салдарын жою тым қымбатқа шығады, - дейді ол.
9/12 Теміртаулық журналист және экобелсенді Олег Гусев Азаттыққа «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың (президенттіктен кетсе де, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы ретінде биліктің бір тармағын ұстап отыр) еңбек жолын бастаған Теміртау қаласы экологиялық апат алдында тұрғанын» айтады. Сөзінше, ауаның ластығынан кейбір тұрғындардың тыныс алу жүйесі аурады.

- Бес жастағы ұлым астмаға шалдыққан. Мұндай диагноз бір аймақта тұратын тағы төрт балаға қойылған. Бұл экогеноцидке, биліктің қараусыз отырғанына енді ешкім шыдамас. Біз биліктен тек міндетін дұрыс атқарып, азаматтарының құқығын қорғағанын қалаймыз. Үкімет Митталдан комбинатты модернизациядан өткізуді талап етсе, арзанға түспек. Ал жағдай ушығып кетсе, оның салдарын жою тым қымбатқа шығады, - дейді ол.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Ақпанның басында Теміртауда ауа ластығының орташа және жоғарғы деңгейі тіркелді. Мұндай деректі (суретте) &laquo;датчиктердің&raquo; онлайн-мониторингі көрсетіп тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормасы бойынша, қауіпті концентарциялардың РМ-2,5 жиілігі бойынша 30 микрограмм/куб метр болуы тиіс.
10/12 Ақпанның басында Теміртауда ауа ластығының орташа және жоғарғы деңгейі тіркелді. Мұндай деректі (суретте) «датчиктердің» онлайн-мониторингі көрсетіп тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормасы бойынша, қауіпті концентарциялардың РМ-2,5 жиілігі бойынша 30 микрограмм/куб метр болуы тиіс.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Өндіріс орындарынан шыққан шлактардан ұшқан шаң да ауаны ластайды.
11/12 Өндіріс орындарынан шыққан шлактардан ұшқан шаң да ауаны ластайды.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Тұрғындар қара қар мәселесін тағы көтерген соң Қазақстан экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жақында экология департаменті қалада тексеріс жүргізіп, жағдайды реттеу үшін шаралар жасалатынын айтты. Министрдің сөзінше, жұмыс нәтижесі жұртқа жарияланады<br />
<br />
&nbsp;
12/12 Тұрғындар қара қар мәселесін тағы көтерген соң Қазақстан экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жақында экология департаменті қалада тексеріс жүргізіп, жағдайды реттеу үшін шаралар жасалатынын айтты. Министрдің сөзінше, жұмыс нәтижесі жұртқа жарияланады

 
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG