Accessibility links

Данелия Төлешова America's Got Talent шоуының жеңімпазы атана алмады


America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп тұрған Данэлия Тулешова.
America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп тұрған Данэлия Тулешова.

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова America's Got Talent танымал шоуының финалында жеңіске жете алмады.

Биыл шоудың жеңімпазы америкалық әнші Брендон Лик болды.

Шоу Лос-Анжелесте өтіп, NBC арнасынан тікелей эфирде көрсетті. Тулешова байқаудың шешуші кезеңінде австралиялық әнші Сианың Alive әнін орындаған.

Көрермендер бір күн бойы America's Got Talent шоуының Instagram-дағы парақшасында дауыс берді. Шоу жеңімпазы 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.

14 жастағы Данэлия Тулешова - украиналық "1+1" арнасы ұйымдастырған "Голос. Дети" вокалдық шоуының жеңімпазы, Junior Eurovision байқауына қатысқан. Былтыр америкалық CBS арнасының The World's Best шоуына қатысып, гранд-финалға өте алмады. Үндістандық пианист Лидиан Надхасварам шоу жеңімпазы атанды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG