Accessibility links

Алматыда ҚДТ жақтастарының жиналуына мүмкіндік бермеді, Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ бірнеше адамды ұстап әкетті


25 қыркүйек. Митингідегі ұстау және наразылардың талабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:52 0:00

25 қыркүйекте кешке қарай Нұр-Сұлтанда оппозиция "митинг орны" ретінде белгілеген аумақта арнайы жасақ бірнеше адамды ұстап әкетті. Оқиға орнында болған Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, белсенділерді "Жаннұр" сауда орталығына жетпей ұстаған. Бірақ олар талаптарын айтып үлгерген.

Оқиға орнынан жеткен видеолардан қара маска тағып, қара түсті форма киген арнайы жасақ сарбаздарының газельден түсе салып, белсене пікір айтып жатқандарды тартқылап газельге сүйреп бара жатқаны көрінеді. Наразылар "Ұрылардың басқаруына қарсымын! Назарбаев кетсін! Шал кет!" деп айқайлайды.

Алматыда митинг орны ретінде белгіленген Райымбек батыр ескерткішінің аумағы күндіз қоршалған еді. Сол себепті жұма күні кешке қарай "Саяхат" автовокзалының маңы ығы-жығы болып, көлік кептелісі пайда болды. Митингіге келгендер Райымбек - Сүйінбай - Пушкин көшелерінің қиылысындағы бұрышта пікірлерін айтуға мәжбүр болды.

Эмоцияға беріле сөйлеген әйелдердің бірі "өмір бойы жұмыс істедім, екінші топ мүгедегімін, бірақ ешқандай жеңілдік алмаймын, шалдар кетсін!" деп айқайлады. Кейбір тұрғындар жердің сатылмауын талап етіп, індет кезіндегі халықтың кедейленгенін айтып ашынды.

Азаттық тілшілері ҚДТ митингілерінен тікелей эфирде хабар таратуға тырысқан, алайда жұма күні кешке қарай редакцияның тікелей эфирге шығуға мүмкіндік беретін Live U аппараты бұғатталды.

Митинг өтеді деген күні Алматыда күндіз "Саяхат" маңындағы сауда орындары жабылып, түстен кейін Райымбек батыр маңы темір шарбақпен қоршалған еді. Полиция ары-бері өткен адамдарды тексеріп, ескерткіш маңына ешкімді жолатпаған.

Нұр-Сұлтанда оппозиция "митинг орны" ретінде белгілеген "Жаннұр" сауда орталығының алдында жұма күні түстен кейін залалсыздандыру шаралары жүргізіле бастаған. Шымкентте күндіз белсенділер ұсталып, "наразылық орнында" интернет істемей қалған.

  • Бұған дейін қуғындағы бизнесмен, Ақорда оппоненті Мұхтар Әблязов жақтастарын 25 қыркүйекте билікке қарсы митингіге шығуға шақырған еді. Митингіде төмендегідей талаптар қойылмақ: заңсыз карантинді тоқтату, саяси тұтқындарды босату, Назарбаев режимін кетіру, несие амнистиясы.
  • Митинг қарсаңында Қазақстанның түрлі аймағында белсенділер жаппай ұсталып, әкімшілік жазаға тартылған. Құқық қорғаушылардың есебінше, соңғы үш күнде жүзден астам белсенді қамалып, айыппұл салынған.
  • Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық қозғалысын” билік “экстремистік ұйым” деп танып, сот шешімімен қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент 2019 жылғы қарарында ҚДТ-ны бейбіт оппозициялық қозғалыс деп атаған.
  • Қазақстан заңнамасы бойынша жиын, шеру өткізгісі келетін тұрғындар жергілікті атқару органына ескерту жасауы немесе одан рұқсат сұрауы тиіс. Әкімдік рұқсат етпеген бейбіт шараға келгендерді әдетте полиция ұстайды. Құқық қорғаушылар бейбіт жиын туралы заңнаманың халықаралық стандартқа сәйкес келмейтінін айтып, өткір сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG