Accessibility links

ПТР растаған дерек. Covid науқастары 69 адамға артты, 4 адам қайтыс болды


Маска тақан әйел қала орталығындағы көшеден өтіп барады. Алматы, 8 қыркүйек 2020 жыл.
Маска тақан әйел қала орталығындағы көшеден өтіп барады. Алматы, 8 қыркүйек 2020 жыл.

25 қыркүйек күні Қазақстанда 69 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тестімен расталды. Осы күні 4 Covid науқасының қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ресми ақпарат көзі саналатын coronavirus2020.kz Telegram каналы хабарлады.

Ең жоғары тәулік көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында (17) және Нұр-Сұлтан қаласында (14) тіркелген. Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бес-бестен науқас анықталған. Шымкент қаласында, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.

Елде вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны – 107 659.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласында - 14367(+3 науқас жаңадан қосылды),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -14064(+14),
  • Атырау облысында - 11072(+5),
  • Қарағанды облысында - 10251(+5),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 8661 (+17),
  • Батыс Қазақстан облысында - 6852(+2),
  • Шымкент қаласында -5188(+0),
  • Алматы облысында - 4957(+2),
  • Жамбыл облысында - 4122(+2),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 4076(+5),
  • Павлодар облысында - 3901(+4),
  • Қостанай облысында - 3478(+3),
  • Ақмола облысында - 3476(+5),
  • Түркістан облысында - 3374(+1),
  • Маңғыстау облысында - 3338(+0),
  • Қызылорда облысында -3242(+0),
  • Ақтөбе облысында -3240(+1).

Науқастардың 102 530-ы жазылған, 1719-ы қайтыс болған. Билік 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізе бастады. Пневмонияның бұл түрі өткен тәулікте 232 науқастан анықталды. Науқастардың жалпы саны 32 223-ке жетті. Оның 26 965-і айыққан.

Елде ресми статистикаға күдік келтіретіндер көп. Олар коронавирус жұқтырғандардың шынайы саны үкімет санынан әлдеқайда көп деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG